Қазақстан Қырғызстанға көмектесу мақсатында үкіметтен қаржы бөле ме

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс кулуарында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Қазақстан үкімет резервінен Қырғызстанға көмек бөле ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл сұрақты журналистер көтерді. Олар Қаржы министріне Қазақстанның еріктілері көрші елге көмектесу үшін қаражат жинап жатқанын және олардың мәліметтері бойынша, бүгінге дейін 10 миллион теңгеден астам қаржы жиналғанын айтты.

Осыған байланысты тілшілер "Қазақстан билігі Қырғызстанға үкімет резервінен көмек бөле ме?" деген сауал қойды.

Тиісті мемлекеттік органдар резервтен тиісті сома бөлуді сұраса, бюджеттің мүмкіндігіне қарай көреміз. Бұл үшін бізде салалық мемлекеттік органдар бар, соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі қаржы бөлу-бөлмеу жағын айтуы керек. Бюджеттік процеске сәйкес өтініштерді тиісті мемлекеттік органдар береді.Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік