Қазақстан автокөлік өндірісінің көлемі 20%-ға дейін артады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі артады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР ИИДМ Индусриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов Қазақстанда автомобиль өнеркәсібіндегі жағдай түзелгенін атап өтті.

Оның айтуынша, көліктердің қосалқы бөлшектерін жеткізуде бұдан былай кідіріс болмайды. Қазіргі уақытта негізгі жеткізушілер қаратында Қытай, Вьетнам, Корея және Ресей бар.

Ресейлік қосалқы бөлшектерді жеткізуде кідіріс болды. Бірақ біз кәсіпорынмен бірге жұмыс істеп, келісім-шарттарды қайта жасадық. Қазір жеткізу қайта жалғасып жатыр. Биыл біз 100 мыңға жуық автокөлік шығаруды жоспарлап отырмыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15-20 пайызға жоғары болуы керек, – деді Ілияс Оспанов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты