Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастады.
2009-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы, Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.
2013-2014 – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2014-2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.
2015-2016 жылдары – ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2016-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.
2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2020-2021 жылдары – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып қызмет етті.