Жаслан Мәдиев вице-министр қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты