Кездесуде Қазақстан үкіметінің басшысы былтыр Достастықтың 30 жылдығын атап өткенін еске салды. Оның айтуынша, кейінгі жылдары ұйым өзінің өзектілігін көрсетті, достық қарым-қатынастың берік іргетасына айналды.
Ұйым аясында қабылданған шаралардың арқасында білім беру, медициналық, әлеуметтік, азаматтық-құқықтық сипаттағы көптеген мәселелер сәтті шешілді. Біздің азаматтардың Достастық мемлекеттері арасында визасыз жүру мүмкіндігі бар. Қазақстан ТМД белсенді қатысушыларының бірі ретінде ынтымақтастықты кеңейтуге және әлеуетті нығайтуға, өз мүмкіндіктерін ашуға мүдделі.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов
Ол серіктестіктің негізгі құрамдас бөлігі пандемиядан туындаған жағымсыз салдарды барынша азайту бойынша қабылданған шаралар екенін атап өтті. Оның сөзінше, бүгінде бұл жұмыстың практикалық нәтижесі көрініп жатыр. Достастықтың барлық елдерінде экономика біртіндеп қалпына келіп, іскерлік белсенділік артып жатыр.
ТМД кеңістігінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында туындайтын проблемаларға әрекет ету бойынша бірлескен шаралар тізбесі қабылданды. Құжатта өзара инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, кедендік реттеуді жеңілдету, жаңа жеткізу тізбегін қалыптастыру, цифрлық технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастықты тереңдету көзделген.Әлихан Смайылов
Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Бұған дейін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов ТМД-ға төрағалықты Қырғызстанға ресми түрде тапсырған еді.