ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы жаңадан тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Дулат Жекебаев ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық тағайындау туралы мәліметпен ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі бөлісті. 

Дулат Жекебаев 1976 жылы Қарағанды облысында туған.

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2005-2017 жылдары – Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, білім департаменті директорының орынбасары, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті