Жамаубаев партияларды қаржыландыруға бюджеттен қанша ақша бөлінетінін айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті сенатының отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев парламентте өкілдік ететін партияларды ұстауға бюджеттен бөлінетін сома туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігінің басшысынан ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Ол ақпаратқа сай биліктегі партияларды ұстауға 1 миллиард доллар жұмсалады.

«Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде Amanat бойынша ғана емес, мәжілісте отырған барлық партияны қаржыландыру туралы толық ақпарат бар.Ерұлан Жамаубаев

Бұл ретте ол заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар екенін атап өтті.

«Сол есептеулердің негізінде қаржы бөлініп отыр. Жалпы алғанда, бұл сома - парламенттегі барлық партия үшін шамамен 8 миллиард теңге».Ерұлан Жамаубаев

Министр парламентте үш партия өкілі бар екенін еске салды. Ол қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінетінін айтты.

Жамаубаев бұған дейін Қазақстанда министрлердің қанша жалақы алатынын айтқан еді. Оның айтуынша, министрлердің жалақысы жұмыс өтілі мен біліктілігіне байланысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды