Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың жаңа түрі енгізілмек

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін көздейтін жаңа тараумен толықтырылды.

Мемлекеттік сатып алудың бұл түрі бекітілген тізім бойынша жүзеге асады. Тауарлар мен қызметтердің өмірлік циклінің құны қоса берілген әдістемеге сәйкес есептеледі.

Сатып алынатын тауарлардың өмірлік циклінің құнын есептеу біліктілік талаптарына және конкурс құжаттама талаптарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне қолданылатыны көрсетілген.

Веб-портал сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің өмірлік циклінің құнын ескере отырып, әлеуетті жеткізушілердің бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалайды және салыстырады.

Өмірлік циклдің құнын ескере отырып, ең төмен болып табылатын тауар, жұмыс, қызмет құнын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болады.

Түсіндірілгендей, мемлекеттік сатып алудың бұл түрі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңды жүзеге асыру аясында қарастырылған.

Түзетулер жобасы 6 желтоқсанға дейін Ашық НҚА порталына қайта жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты