Сауда министрлігі: Қазақстанда енді қант тапшы болмайды

Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биыл еліміз қантпен өзін-өзі 100% қамтамасыз ететініне сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген Сауда министрі инфляцияның ең үлкен факторы қант екенін айтты.

"Осындай қайталанбас үшін биыл әр облысты әр қант зауытына бекітіп қойдық. Өңірлер айналым қаражатын басқа өңірді емес, өзін қамтамасыз ету үшін жұмсауы керек. Биыл өзімізді қантпен қамтамасыз етеміз".Серік Жұманғарин

Министр қант қызылшасы әлі жетіспейтіндіктен құрақ қант шығарылатынын айтты.

"Бірақ бұл біздің қант болады. Енді қант тапшылығы болмайды. Біз зауыттармен келістік, бағасы келісіне 450 теңгеден аспайды".Серік Жұманғарин

2022 жылдың 14 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығы мен бағасының өсуіне байланысты сол кездегі Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді