8 желтоқсанда Talgo компаниясының екі рейсі тоқтатылғаны хабарланды. Журналистер министрліктен бұған не себеп болғанын, ауа райының әсері бар-жоғын сұрады.
"Ауа райына да байланысты. Біздің талаптарымыз бойынша "Тальго" пойызы қосымша техникалық тексеруден өтуі керек. Ол басқа жылдамдықпен жүретіндіктен егжей-тегжейлі тексеруді қажет етеді. Біз оларға ауа райы жағдайларына байланысты немесе кейбір техникалық кідірістерге байланысты Talgo жасауы керек уақыт аралығын бере алмаса онда шара болады деп айттық. Олар 6-7 сағатта жетеді деп, анықтама қағазын көрсетті. Содан кейін оларға қалыпты режимге өткенге дейін ауысуы керек екенін, бұл жағдайды түзету қажет екенін айттық".ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев
Министр жағдай бірнеше күнде шешілетінін айтты. Себебі техникалық тексерулер жылдам өтеді.
"Егер бәрі жақсы болса, олар оны қайтарады".Қайырбек Өскенбаев
Министр басқа пойыздардың кешігуін де түсіндірді.
"Бірнеше күн шыдау керек. 17 қарашада Қарағанды облысында болған кездегі жағдайды еске түсіріңіздерші. Сол кезде жол екі жағынан да жабылғаны белгілі болды. Содан кейін көп пойыз жиналып қалды және логистика тұрғысынан айтарлықтай ауыртпалық әкелді. Қазір зардабын қалпына келтіріп жатыр. Біз тағы бірнеше күн шыдауымыз керек. Төрт күнге жоспарланғанымен, бұл техника емес пе? Қазір нақты айту қиын. Бірақ мен айға созылады деп емес, бірнеше күн кетеді деп тұрмын".Қайырбек Өскенбаев
Министр пойыз тоқтаған соң басқа да пойыздар жиналып қалғаны орынды екенін айтты.
"Кідіріс локомотивтердің, жұмыс істейтін адамдардың қозғалыс жүйесін бұзды. Бір ретке келтірейік. Бұрын мұндай мәселе (кешігулер - ред. ескерт.) болған жоқ. Қазір болып тұр. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты ұзақ рейс кешігуі кезінде жолаушыларға жағдай жасау туралы қарастыруымыз керек шығар".Қайырбек Өскенбаев
Бұған дейін «Алматы-2 – Петропавл» бағыты бойынша №105 «Тальго» жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылғаны хабарланған еді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі «жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады» деп сендірді.