Қайырбек Өскенбаев қазіргі уақытта Бас прокуратураның жетекшілігімен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметіне кешенді тексеру жүргізіліп жатқанын еске салды. Тексері нәтижелерін кейінірек хабарлауға уәде берді.
"АрселорМиттал Теміртау" бойынша шарттық міндеттемелер қайта қаралды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев
Сонымен қатар, оның айтуынша, заңсыз берілген кен орындарын қайтару бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр: әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жасалған 87 келісімшарттың бүгінде 40 келісімшарты бұзылған, 47 келісімшарт жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауы бойынша сараптауда.
Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарттары кері қайтарылып алынды, 25 жер қойнауын пайдаланушыға міндеттемелерді бұзғаны туралы ескерту жіберілді.
"Заңсыз берілген кен орындарын мемлекетке қайтару жұмыстары әлі жүріп жатыр". Қайырбек Өскенбаев
2022 жылы 3 қарашада сағат 03:00 шамасында Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада қайғылы оқиға болды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кеніште газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, оның арты өртке ұласты. Оқиға кезінде кәсіпорынның 106 қызметкері жер астында болса, оның 101-і қауіпсіз жерге көшірілді.
Бес кеншіні құтқару мүмкін болмады, олар қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алып, шұғыл ауруханаға жатқызылды.