Қазақстан мен Эстония Үкіметі адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қойды

Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінде 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл келісім екі мемлекеттің аумақтарына келу, болу немесе тұру және заңсыз көші-қонға қарсы күрес шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын адамдарды анықтау және қауіпсіз, оңайлатылған тәртіппен қайтару рәсімін айқындау мәселелерінде Қазақстан мен Эстонияның құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастырады.

Қазақстан тарапынан Үкімет атынан келісімге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қол қойды.

Эстония тарапынан – Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тоомас Тирс тиісті рәсімдерді атқарды.

Тараптар осы қол қойылған келісім екі елдің екіжақты ынтымақтастығына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты