Үкіметте жүк теміржол қызметінің жекелеген саласын демонополизациялау шаралары талқыланды

Сурет: primeminister.kz
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz үкіметке сілтеме жасап.

Жиында ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды. Премьер-министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар қатысушылар Комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады.

"Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын", — деді премьер-министр.

 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген. Оның 93-і орындалды, қалғаны орындалу сатысында.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды