Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланатынын айтты

Сурет: pixabay
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G желісін кімдер қолданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асхат Оразбек алдағы уақытта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталатынын айтты.

"Олар – жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері мен бейнероликтерді көп көретін және жақсы сапалы қарым-қатынасты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін бұл 5G желісін үш қалада — Алматы, Астана және Шымкентте іске қосу көзделіп отыр, 2025 жылға дейінгі кезеңде желілерді еліміздің барлық облыс орталығында  енгізу жоспарланды". Асхат Оразбек

Кейінірек вице-министр желі үш мегаполисте, ең алдымен, халық көп шоғырланатын орындар, соның ішінде сауда орталықтарына жүргізілетінін атап өтті.

"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков Түркістанда қаланың орталық бөлігі түгелдей 5G желісімен қамтылғанын, Алматыда Медеу аймағы, бөгеттер, Панфилов көшесі мен Шымбұлақ аймағының бойы қамтылғанын айтты.

Қазақстан
Түркістан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек