Өскенбаев жеңілдетілген автонесие жөнінде: Көлік бәріне жетеді

Сурет: pexels
Желтоқсанның 27-сі күні үкімет кулуарында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Индустрия министрлігінің басшысы бұл бағдарлама енді іске қосылған кездегідей ауқымды болмайтынын атап өтті.

"Көлік бәріне жетеді. Мұндай ірі көлемді автонесие болмайды дедім, өйткені мемлекет жеткілікті түрде ақша құйып қойды. Бірақ қазір ондағы қаржыны жаңартпалы тәртіпте халыққа ұсыну керек.Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Қазір министрлік банктермен осы мәселені шешіп жатыр. Өскенбаевтың айтуынша, автонесие қазіргідей белгілі бір соманы жинап алғаннан кейін емес, үзіліссіз берілуі керек.

"Биыл 110 мың көлік шығардық, келесі жылы 120 мың шығаруды жоспарлап отырмыз, бірақ одан да көп болады. 135 мыңға жеткіземіз деп ойлаймын". Қайырбек Өскенбаев

23 желтоқсанда жеңілдетілген автонесие 2023 жылғы қаңтарда іске қосылатыны белгілі болды. Қазір банктер бұрынғы автонесиелерді өтеуден түскен төлемдерді жинап жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда