ҚР ИИДМ көліктерді бақылау үшін "Сергекті" пайдаланбақ

Сурет: Zakon.kz
ҚР ИИДМ көліктік бақылау қызметтерін автоматтандыру мақсатында "Сергекті" пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі кезде ҚР ИИДМ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу үшін Астана-Теміртау учаскесінде пилоттық жобаны іске асыруды көздеп отыр.

Министрлік өкілдері бұл жоба ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықты, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті автоматты түрде анықтап, көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау арқылы жол төсемінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге септігін тигізетінін айтты.

22 желтоқсанда Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен жұмыс отырысы өткізіліп, оның барысында ішкі істер органдарының еліміздің қалаларындағы автожолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото-бейне тіркеу бойынша жұмыс тәжірибесі талқыланды.

Статистикаға сәйкес. кейінгі 4 жылда елімізде 55 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 60 мыңнан астам адам зардап шегіп, 8 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Бұл ретте "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйесі енгізілген сәттен бастап, еліміздің жолдарында өлім-жітімнің 50%-дан аса төмендеуі байқалып, қоғамдық орындардағы қылмыс айтарлықтай азайыпты. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін төленетін айыппұлдардың есебінен бюджетке 50 млрд теңгеге жуық қаражат түскен.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты