Ақшолақов Қазақстан Германияға мұнай экспорттайтынын айтты

Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандық мұнайды Германияға экспорттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, енді жылына 1,5 миллион тоннаға дейін экспорттау жоспарланып отыр.

"Біз алты миллионға дейін экспорттай аламыз. Бірақ Германияның қажеттілігі әрине, жоғары".Болат Ақшолақов

Бұл ретте министр экспортты бастау үшін Ресейден жауап керек екенін айтты. Өйткені мұнай осы елдің аумағы арқылы тасымалданады.

"Біз Ресей Федерациясындағы әріптестерден ресми растауды күттік, өйткені олардың шекарасы арқылы өтеді. Біз ауызша растауды алдық. Меніңше, ешқандай проблема болмайды".Болат Ақшолақов

Министр экспортқа жеткілікті қуат болатынына сенімді.

"Бізде жауап ауызша, әлі жазбаша түрде жоқ. Бұл нәрсе қиынға соқтпайды деп ойлаймын, қуаты жеткілікті. Ең бастысы, тұтынушылар қабылдап алады. Бізде Ресей Федерациясымен жеткізуге қатысты үлкен проблемалар болған емес. Жалпы алғанда бұл жылына 1,5 миллионға дейін жетуі мүмкін. Бірақ біз бере алатын ең көбі жылына - 6 миллион, мүмкін тонна".Болат Ақшолақов

Болат Ақшолақовтың айтуынша, бірінші партия растау алған бойда жөнелтіледі және көлік ұйымдары да тиісті келісімдерге қол қоюы қажет.







Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді