Елімізде электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралы пайдаланылуы мүмкін

Сурет: pixabay
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта жазылған түсіндірмеге сәйкес, ЭШФ АЖ-дағы биометриялық сәйкестендіру құралдары, салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеу, салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған Келесімге қол қою кезінде пайдаланылады.

Биометриялық сәйкестендіруді іске асыру кезінде ЭШФ АЖ салық төлеуші басшысының ЭЦҚ деректерінің заңды тұлғаның басшысы, дара кәсіпкер не ЭШФ АЖ операторының нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректері бар жеке тұлға туралы деректермен және Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "цифрлық бейін" платформасында орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).

Пилоттық жоба 2023 жылғы 20 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-да тіркелуге жататын салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ АЖ арқылы сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысу фактісін болдырмау мақсатында іске асырылады.

Құжат 25 қаңтарға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді