Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан азаматтары Өзбекстанда барған күннен бастап 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

"Егер бір Тарап мемлекеті азаматтарының болу кезеңі жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға рұқсатты ресімдемей, әрбір кезеңде күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күнде ьараптар мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын болса, тұрақты тұратын жеріне қарамастан екінші тарап мемлекетінің аумағына кіреді, одан шығады, транзитпен өтеді, жүріп-тұрады", деп жазылған хаттамада.

Қазір екі елдің азаматтары басқа мемлекеттің аумағында тек бес күн ғана тіркеусіз жүре алады.

Бір тарап мемлекетінің азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда болатын тарап мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті.

Бұл ретте құжаттан кез келген көлік түрімен шекарадан өткен кезде көші-қон карталарын алу және көрсету талабы алынып тасталды.


Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды