"Кімасар" шатқалының туристік орындарына кіру ақысы қанша

Сурет: Instagram/ile_alatau_nationalpark
"Кімасар" бақылап өткізу пункты ашылды. Ол Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы Кіші-Алматы орманшылығы Кімасар шатқалында ораналасқан. Бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәлімдеуінше, бекеттен жоғары жол бойында демалыс орындары, яғни үстелдер, скамейкалар орнатылған. Бақылау пунктінен шамамен 1 шақырым жерде автокөлік тұрағы бар, одан ары жаяу жүргіншілер жолы басталады.

"Осы жылдың 27 қаңтарынан бастап бақылап өткізу бекетінен өту ақылы, құны 545 тг-ні құрайды. Оның ішінде 345 тг... ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық аударымы болып саналады. 200 тг мөлшерінде сома... ұлттық парк аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша қызмет көрсеткені үшін алынады".Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Бұл бекеттен өту зейнеткерлер мен ардагерлерге тегін.

"Кімасар" арқылы Бутаковка шатқалына өтуге болады, сонымен қатар кіші Кімасар сарқырамасына, Фурманов-Панорама, Шымбұлақ, Бушата шыңдарына шыға аласыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін