Шаруаларға 413 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінеді

Сурет: pixabay
Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дизель отынын жеткізу ақпан айынан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізіледі.

"Энергетика министрлігі ақпан айына дизель отынының кепілдік берілген көлемінің құнын МӨЗ-ден тоннасына 222 мың теңге деңгейінде айқындады. Жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, қазақстандық шаруалар үшін жанармайдың түпкілікті құны жанармай құю станцияларының нарықтық бағасынан 15-20%-ға арзан болады деп күтіліп отыр".ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Дизель отынын жеткізу кезеңінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, өңірлерге МӨЗ-ден жөнелту кестесінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізетін болады.

2023 жылы облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 млн гектардан асады. Алдын ала кем дегенде 18 мың га қант қызылшасымен себіледі. Сондай-ақ көкөніс, бақша және күріш дақылдарының өсуі күтіліп отыр.

25 қаңтар күні Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен жоба әзірледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды