Үкіметте кейбір саладағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды

Сурет: primeminister.kz
9 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды, делінген Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының, "ҚазМұнайГаз" және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияларының басшылары қатысты.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды