Елдос Нәшірәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетін басқарады

Сурет: primeminister.kz
Елдос Нәшірәлі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы 15 ақпанда үкіметтің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдос Нәшірәлі 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын, Масси университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы жеке компанияда менеджер болып бастаған.

2006-2007 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің бас маманы.

2010-2012 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Ішкі саясат басқармасының сарапшысы; сарапшы, кеңесші, ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің инспекторы.
2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік БАҚ саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

2018-2021 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болды.

2021-2022 жылдары «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргt дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және хаттама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды