Билік Екібастұз жылу электр орталығын мемлекет меншігіне алуға дайын ба

Сурет: Zakon.kz
Бұл сұраққа Сенат кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Бұл ең қарапайым нәрсе. Акционер оны 1 теңгеге немесе нөл теңгеге мемлекет меншігіне беруге дайын, бірақ жылу электр орталығынан 16 жыл бойы белгілі бір дивиденд алып, қарапайым тілмен айтқанда, бар сөлін сығып алып, жай ғана қайтарып бере салғысы келеді. Бұлай болмайды". Роман Скляр

Оның айтуынша, меншік иелері де станцияға инвестиция салуы керек, бірақ нақты сомасы әлі белгісіз.

"Наурыз айының соңына дейін станция да, жылу желілері де тексеріледі, содан кейін ол жерге қазір қанша қаражат салу керек және оны кім салатыны жөнінде шешім қабылданады. Менің ойымша, меншік иелері де оған қатысуы керек". Роман Скляр

Жалпы, бірінші вице-премьердің сөзінше, үлескер станцияның тиімсіз екенін алға тартып отыр.

2022 жылғы 27 қарашасына қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының  70%-дан астамының тозығы жеткенін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды