Қарашөкеев елде пияз қоры қанша қалғанын айтты

Сурет: pixabay
Үкімет кулуарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде пияз қоры қанша қалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылы Қазақстанда 1,2 миллион тонна пияз жиналғанын атап өтті.

"Пиязға келетін болсақ, былтыр 1,2 миллион тонна өнім алдық. Оның 1 миллионын Жамбыл облысында жинадық. 300 мыңы тұтынуға ғана. Иә, суармалы жерлер бойынша да экспорттық әлеуетті арттыра аламыз. Бұл Жамбыл облысына қатысты. Ең бастысы, бұл көлемнен ішкі нарықты қамтамасыз ету". Ербол Қарашөкеев

Министр қазір пиязға қатысты жағдай тұрақталды деп есептейді. Оның айтуынша, қазір республика бойынша 70 мың тонна қор болса, оның 30 мыңнан сәл астамы Жамбыл облысында.

"Жамбыл облысында көтерме баға 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде пияздың түріне, қандай бағамен әкелгеніне қарай 300-360 теңге аралығында тұр. Баға тұрақталды. Пиязды сыртқа шығару қаупі әлі де бар, тыйым салынды, жағдай бақылауда". Ербол Қарашөкеев

Ол биыл пияз жеткілікті мөлшерде егілетінін атап өтті.

"Пиязсыз қалмаймыз". Ербол Қарашөкеев

Қазақстанда 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді