Марат Қарабаевтың сөзінше, биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған.
"Бұған дейін Astana LRT құрылысына қатысты біз және басқа да әріптестеріміз түсінік берген. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған. Республикалық бюджеттен қаржыны бөлу мәселесі парламентте талқылып, қаулыға қол қойылуы керек. Сәуірде қаржыны әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз", - деді Марат Қарабаев.
Министр ведомство әкімдікпен де сөйлескенін айтты. Әкімдік 2 мәселені көтерген.
"Біріншіден, (Astana LRT құрылысын) әуежайдан бастаймыз деді, екіншіден, пойызды сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Пойыздың қай жақтан сатып алынатынын айта алмаймын. Бүгін жобаға қаржы бөлу мәселесін республикалық бюджетте қарастырдық. Одан кейін жергілікті органға жер беру, ол мердігерге жер беру мәселесі бар. Соның нәтижесінде (құрылыс – автор) басталады".Марат Қарабаев