Онлайн конференция кезінде қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа заңнан борышкерге қойлатын банкке бару талабын алып тастау жөнінде сұрақ қойылды.
"Көптеген азамат сотқа дейінгі реттілікті сақтау үшін банкке барып жатыр. Бірақ банктер борышкердің өтінішін қабылдаудан бас тартуда. Мұндай жағдайда банк қызметкерінің бас тартып жатқанын бейнежазбаға түсіріп алса, сол дәлел ретінде қабылдана ала ма? Көп борышкер қарызының нақты сомасын, қай кезде, қай банктен алғанын нақты білмей жатыр, сондықтан егер уәкілетті орган несие тарихына қол жеткізе алса, неге банктерге бару талабын алып тастамайды?", – делінген вице-министрге жолданған сұрақта.
Вице-министрдің сөзінше, егер бұл талапты заңнан алынып тасталса, бұл несиелік рақымшылық процесіне жақындауы мүмкін.
"Кезінде банк пен борышкер екеуі келісімшарт жасады. Екеуінің жауапкершілігі бар. Талапқа сай келмесе, екеуі мендетті түрде сотқа дейінгі немесе банкроттыққа дейінгі реттеу процесстерін жүргізуі керек".Ержан Біржанов
Оның айтуынша, норма алынып тасталса, кредит институты жойылуы мүмкін.
"Мұндай норма болмаса, қарапайым халыққа кредит алу қиындап кетуі мүмкін. Банктер қауіпсіздік шараларын ескере отыра, жоғары талаптар қоюы мүмкін. Сондықтан кредитті алу да жауапкершілік және оны төлеу немесе банкроттыққа беру нақты ойланған қадам болуға тиіс. Бұл рақымшылық емес, соны ескеруіміз керек". Ержан Біржанов
Спикер сондай-ақ банк қызметкері арызды қабылдаудан бас тартса, қаржы нарығын қадағалайтын Агенттікке шағымдануға болатынын атап өтті.