Қазақстанда ақылы жолдармен жүру ақысын төлеу шарттары өзгереді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, жол ақысын төлеуге қатысты өзгеріс енгізілді.

Пайдаланушы жол ақысын келесі тәсілдермен төлейді:

Ақы алу пункттері барлық ақылы учаскелерде көзделмегендіктен, осы тармақтың жаңа редакциясы төлем әдістерінің жаңа баламаларын көздейді.

7 күн ішінде төлемеген жағдайда жеке тұлғаларға 5 АЕК (17 250 теңге), ұйымдарға 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Ұйымдастырушы ақылы учаскелерге кірер алдында ақылы учаскелерге кіру туралы хабарламасы бар ақпараттық таблоды орналастырады.

Ақпараттық тақтада мына ақпарат орналастырылған:

 ААП болған кезде ұйымдастырушы ААП-да кептелістің пайда болуын болдырмау үшін барлық жол жүру есептеулерін сақтай отырып, ААП арқылы жылдам өту үшін шлагбаумдарды ашу жолымен өткізу жылдамдық режимін қамтамасыз етеді.

Құжат 16 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: