Қазақстандық сайттар неліктен ашылмай қалды

Сурет: pixabay
14 наурыз күні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Zakon.kz басылымына неліктен бірқатар қазақстандық сайт ашылмай қалғанын түсіндірді.

Министрліктің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткеннің мәлімдеуінше, 13 наурыз күні Астана уақытымен сағат 18:00-ден кейін жекелеген байланыс операторларында желілік ақаулар тіркеліп, соның салдарынан бірқатар қазақстандық домен ашылмай қалды.

"Kaznic (Қазақ желілік ақпарат орталығы) қазақстандық домендердің DNS жазбаларын жоспарлы жаңартуды іске асырды, содан кейін кейбір байланыс операторларының кэштейтін DNS серверлерінде қате болып, олар бос жазбалар алды". ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта байланыс операторлары кэштейтін DNS серверлерін қайта жаңартып, жоғарыда аталған мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді