Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.