Доллар бағамы тағы бес теңгеге арзандады

Доллары, деньги, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 15:51 Фото: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,94 теңгеге төмендеп, 501,31 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,70 теңгеге (-0,69) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 503,5-507,5 теңге, еуро 520,5-525,5 теңге, рубль 5,25-5,37 теңге аралығында сатылуда.

12 ақпандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,74%-ға арзандап, барреліне 76,43 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,86%-ға арзандап, барреліне 72,69 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 506,43 теңге, еуроны 522,43 теңге, рубльді 5,28 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: