Доллардың бағамы айтарлықтай төмендегеннен кейін қайтадан көтерілді

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 15:41 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,71 теңгеге көтеріліп, 498,75 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,65 теңгеге (+0,75) дейін өсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 499,5-503,5 теңге, еуро 522,5-527,5 теңге, рубль 5,31-5,43 теңге аралығында сатылуда.

17 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны барреліне 75,08 долларға дейін 0,45%-ға қымбаттады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,04%-ға өсіп, барреліне 70,74 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 495,28 теңге, еуроны 518,41 теңге, рубльді 5,44 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: