Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 19:20 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: