Жаңалықтар тізбегі
0

"Хабар" арнасы қазақтың Үш бәйтерегіне арналған деректі фильмдер дайындап жатыр

"Хабар" телеарнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 17:20 Сурет: "Хабар" телеарнасы
Күні кеше Қазмедиа орталығында "Хабар" агенттігіне қарасты үш телеарна жаңа маусымдағы жобаларын таныстырды. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, медиа-менеджерлер, креативті индустрия үздіктері, блогерлер, өнер майталмандары қатысты.

Бірден айта кетейік, Агенттік келесі жылы болатын 30 жылдық мерейтойларына дайындықты осы іс-шарадан бастап кетіпті. Оны ашылу салтанатында 30 санын ойнатқан тың тәсілден байқауға болады. Мәселен, "Хабар" және "24 KZ" телеарналарының әрқайсысы жаңа маусымға отыздан астам телеөніммен кірсе, Агенттіктің YouTube-тегі аудиториясы елдегі халық санының 30%-на жуықтап тұр екен.

Сонымен "Хабар" арнасында жаңа маусымда жалпы саны 90 бөлімнен тұратын 4 сериал жарық көреді. Біраз жылдан бері көрерменнің көзайымына айналған "Келінжан" телесериалының шығармашылық ұжымы биыл "Күзде келген көктем" көпсериялы драмасын ұсынып отыр. Сондай-ақ, арнаның қоржынында шынайы достықтың хикаясын баяндайтын "Дос пен дұшпан",  күлдіре отырып, ойлануға шақыратын "Несібелі несие", "Үлкен үй" секілді сериалдар бар.

Жиынға қатысқан қонақтар – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай да өздерінің құттықтау сөздерін мейрейтойға бағыттады.

"Отыз жылға жуық уақыт ішінде 2500 бөлімнен тұратын 150 сериал Хабар арнасының эфиріне шығыпты. Баяғы "Тоғысқан тағдырлар" сериалынан басталған жақсы үрдіс үзілген емес. Жалпы, "Хабар" арнасы жылда жаңа маусымға өте тыңғылықты дайындықпен келеді. Биылғы маусымда да ұжымның көрерменге ұсынатын жаңалығы аз емес. Сәттілік тілеймін", - деді Берік Уәлиұлы.
Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 17:20

Сурет: "Хабар" телеарнасы

"Телеарна эфирінде тарихи оқиғаларға, еліміздің дамуына, ұлтымыздың өркендеуіне, жеріміздің сақталып қалуына үлес қосқан көптеген тұлғаларға арнап деректі фильмдер топтамасын беруді жалғастырамыз. Ол үшін аттары елге танымал, шын мәнінде зерттеу жасап жүрген әріптестерімізді авторлыққа тарттық. Өнімдеріміз көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын”, - деді ашылуында сөз сөйлеген "Хабар" Агенттігінің Басқарма төрағасы К.Ойшыбаев.
"Хабар" телеарнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 17:20

Сурет: "Хабар" телеарнасы

Күнделікті екі тілде шығатын жаңалықтар мен саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын "Талқы", "Итоги" бағдарламаларынан бөлек, түрлі жанрдағы 17 тележоба эфирге шығады.

Мәселен, соңғы жылдары көрермені қалыптасып қалған «Оян» таңғы бағдарламасы, әндерді әртүрлі әрлеп жүрген "CoverShow" жобасы төртінші маусымы басталса, қызықты әрі қылықты кейіпкерлер "Қызық times" студиясынан табылады. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін "Асыл домбыра" да эфирге шығады. Биыл бірінші рет "Хабар" арнасында ауыл тіршілігін баяндайтын "Qunar" реалити-шоуы эфирге жолдама алып отыр. "Хабар" арнасының ең үлкен жаңалығы – ағымдағы жылы тарихи тұлғаларымыз бен ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерді суреттейтін "Қазақ елі" атауымен 25 деректі фильм түсіріліп, эфирге беріліп жатыр.

Кешегі жаңа маусымның тұсаукесерінде қазақтың Үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің 130 жылдығына орай түсірілген деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді. Толық нұсқалары алдағы уақытта эфирге шығып, арнаның YouTube арнасына жүктеледі.

Таныстырылым аясында BBC, Al Jazeera, CNN, Associated Press, Reuters, Euronews секілді әлемнің алпауыт ақпарат арналарының үздік тәжірибесін қолданып жүрген Орталық Азиядағы бірегей телеарна "24 KZ"-тің ребрендингтен кейінгі келбеті көрсетілді. Арнаның форматы, стилі, түсі де жаңартылды. Ашылу салтанаты осындай іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін жаңа дәрежеге көтерді. Шоу кеңістігі 360 градус форматында қамтылып, телеарналар тынысы 3D-шолулар және панорамалық видеолар арқылы көрсетілді. 

Соңғы жылдары жастар контентіне бет бұрған "El arna" бұл телемаусымда да осы бағыттағы шығармашылық жұмысты жалғастырады. Жаңашыл арна жастардың жан-дүниесін байытып, ерік-жігерін қайрап, жас буынды батыл қадамдар жасауға жұмылдыратын алуан түрлі бағдарламалар ұсынуда. "El news", кәсіп ашамын деген жастарға "Миллион на стартапе", көпке үлгі болатын тұлғалардың портретін сомдайтын "Тағдыр жолы", "Линия судьбы", көненің көзіндей көп тарихтан сыр шертетін, бүгінгі аға буынның жастық шабыттарын еске салатын "Кімнің есінде?" және бай да, көркем Қазақстанымызды көрерменге боямасыз ұсынатын "Өлкем Kazakhstan Welcome" тәрізді жас көрермендердің көңілін жаулаған тележобалар жалғасын табатын болады.

Яғни, "Хабар" Агенттігінің ұжымы бұл телемаусымға да тас-түйін дайын келіп отыр. 

Серіктестік материал

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: