Таиландтағы Азия чемпионатының екінші күні: қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Чиангмайда (Таиланд) бокстан Азия чемпионатының екінші күні басталды. Қазақстан құрамасының екі өкілі рингке шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оразбек Асықұлов (57 келіге дейін) малайзиялық Зулхайлан Мохамадты сенімді жеңіп, ширек финалға өтті.
Бейбарыс Жексен де өз жекпе-жегінде (60 келіге дейін) жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы Дильшод Абдумуродовты (Өзбекстан) жеңді.
Еске салайық, кеше Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Азия чемпионатының 1/4 финалына шыққан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript