Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы мектепте болды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.  Мемлекет басшысына «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 12:32 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінде екінші күн жұмыс сапарымен жүр. Бірқатар іс-шаралардан кейін мемлекет басшысы бүгін, 2024 жылғы 13 желтоқсанда Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мектеп директоры Ләззат Испанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқушылардың жетістіктері туралы айтып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған.

Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.

Мемлекет басшысына "Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры" атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.

Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.

Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.

Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.

Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.

Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерде 15 шағын спорт нысаны ашылды

Соның бірі – Ескелді би ауылындағы спорт кешені. Ауыл тұрғындары мұнда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы үйірмелеріне, бокс, күрес, волейбол, баскетбол секцияларына қатысады.

Президент ауыл балаларымен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: