Ақтөбе облысының әкімі Перизат Қайратқа қатысты даудан кейін тексеру жүргізілетінін жоққа шығармады

Су тасқыны, Ақтөбе, облыс әкімі, Перизат Қайрат, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 18:37 Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 2024 жылғы 13 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифингіде Перизат Қайраттың Biz Birgemiz Kazakhstan қоры туралы айтты. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ат салысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Шахаров аймақта бір қайырымдылық қоры ашылғанын, оның басында облыста танымал қоғам белсенділері болғанын мәлімдеді.

"Олар барлық жұмысты жүргізді. Әрине, қызметтер өз мониторингін жүргізді, әрбір әрекет біздің бақылауымызда. Менің ойымша, тексерулер болады, біз әр тиынның өз мақсатына жұмсалғанына көз жеткізуіміз керек. Өңірге келген барлық көмек есепке алынды, өзінің нысаналы индикаторлары болды", - деп сендіреді өңір басшысы.

Оның айтуынша, гуманитарлық көмек жинау орталықтары бейнебақылау камераларымен және есеп жүйесімен жабдықталған.

"Қоғам белсенділері қор жинау орындарында болды, барлығы бұл істі бақылап отырды. Жиһаз, азық-түлік, жабдықтар, сорғылар, қайықтар әкеліп жатты, кім қалай көмектесе алады, солай көмек берді. Бізде есеп жүйесі бар, біз оған жауаптымыз", - деп сөзін түйіндеді Шахаров.

Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмекке жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген. 2024 жылғы 13 желтоқсанда Перизат Қайраттың жылжымайтын мүлігі мен дүниесі тәркілегені белгілі болды. Элиталық жылжымайтын мүлік, қымбат шетелдік көліктер және оның жеке заттары бұғатталды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: