Синоптиктер 14 қаңтарда қай өңірлерде қар жаууы мүмкін екенін айтты

Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 14 қаңтарға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, республикамыздың басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғанаатмосфералық фронтальды бөліктердің жылжып өтуіне байланысты түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның болуы. Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады деп күтіледі", делінген болжамда.
Сондай-ақ, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары дегейде дейін жетеді деп күтіледі.
Қазақстан қалалары бойынша алдағы үш күнге, 2025 жылғы 14-16 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамымен мына арадан танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript