Степногорск тұрғынының алимент бойынша қарызы тоғыз миллион теңгеге жеткен

18 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, ол бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеу бойынша міндеттемелерді орындамайтынын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берешек сомасы 8 млн 900 мың теңгені құрады. Облыстың тағы бір тұрғыны полиция басқармасына жүгініп, бұрынғы жұбайы жалпы баланы күтіп-бағуға 1 млн 191 мың теңге сомасында алимент төлемейтінін айтқан.
"Полиция басқармасы осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Естеріңізге сала кетейік, ата-аналар 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ егер олар білім алуды жалғастырса, 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды асырауға міндетті. Алимент кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларды асырау үшін, сондай–ақ ерекше жағдайларда: баланың ауыр сырқаты кезінде және бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж болған кезде қосымша шығыстар үшін өндірілуі мүмкін", – деп ескертті полиция.
Бұған дейін Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript