"Мағаджан" бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 12:02 Фото: Zakon.kz
Хромтау ауданының прокуратурасы "Мағаджан" плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған.

2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілді.

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: