Доллар шамамен төрт теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 7 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,88 теңгеге төмендеп, 511,18 теңге болды.
Қытай юанінің орташа бағамы 70,43 теңгеге (-0,37) арзандады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 512,5-515,1 теңге, еуро 532,5-536,5 теңге, рубль 5,23-5,33 теңге аралығында сатылуда.
7 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы сәуір фьючерстерінің құны 1,02%-ға өсіп, барреліне 75,05 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,93%-ға өсіп, барреліне 71,27 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 515,31 теңге, еуроны 533,96 теңге, рубльді 5,3 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript