Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті

Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2025 16:56 Сурет: Zakon.kz
9 ақпанда күндіз мегаполистегі тасжолда шетелдік көлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Төтенше оқиға адам көп жүретін Сайын көшесінде болған.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жүргізушіге көмекке жеткен.

"Әуезов ауданы Шаляпин көшесінің қиылысындағы Сайын көшесінде оңтүстік бағытта автокөлік өртенді. 1 шаршы метр аумақта Mitsubishi Galant автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру үшін көбік пайдаланылды".Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сағат 14:35-те сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: