Жітіқарада жоғалған ер адамды құтқарушылар бірнеше шақырым жерден іздеп тапты

Жітіқарада жоғалған ер адамды құтқарушылар бірнеше шақырым жерден іздеп тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:59 Сурет: видео скрині
Қостанай облысында жоғалған ер адам Жітіқара маңынан аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 13 ақпанда сағат 22:00-ге жақын Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютинка кентінің тұрғыны Жітіқара қаласына қарай жаяу шыққан.

Ол межелі жерге жетпеген соң түн ортасында туыстары дабыл қағып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.  

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1991 жылы туған ер адам таңға қарай Жітіқара қаласынан 14 шақырым жерден табылып, елді мекенге жеткізілді.

Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: