Аустрияда жасөспірімді жұрттың көзінше өлтірді

15 ақпанда Аустрияның оңтүстігіндегі Филлах қаласының орталық алаңында ер кісі пышақпен өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN хабарлауынша, 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Олар ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жаралылардың жасы 14 пен 32 жас аралығында екені белгілі болды.
Қылмысты жасаған күдіктіні полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ол Аустриядан саяси баспана сұраған және онда тұруға рұқсаты бар 23 жастағы сириялық босқын болып шықты. Полиция өкілі Райнер Дионисио оның қылмысының себебі әлі белгісіз екенін айтты.
Күдіктіні қылмысқа куәгер болған сириялық курьер ұстауға көмектескен. Ол көлікпен шабуылдаушыны қаққан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript