Елордадағы жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы оңалды

Ребенок в больнице, дети в больнице, пострадавший ребенок, пострадавшие дети, ребенок, дети, детская больница , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 09:26 Фото: freepik
Астана жедесатысында беті тілгіленген бес жасар баланың жағдайы оңалып, дәрігерлер ертең оны ауруханадан шығармақшы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 17 ақпанда "КТК" телеарнасы жазды. 

Өздігімен жүріп-тұратын халге жеткен балақайдың бүгінде жағдайы тұрақты, бар ойы тезірек үйіне оралу екен. Астана №2 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғмановтың айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы. 

"Жағдайы жақсы. Шағымы жоқ. Жарасының тігісі жартылай алынды. Қабынбаған. Баланы ертең үйіне шығарамыз",- деді дәрігер. 

Айта кетсек, қайғылы оқиға өткен аптада елорданың тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған. Баласын қаннен қаперсіз нанға жіберген анасы, бір мезетте перзентінен айрылып қала жаздады. Қанжоса боп үйіне оралған 5 жасар Батыр тек «Анашым өліп барамын» деумен болыпты. Мойны мен бетінен қан сорғалағанын көрген анасы жүрегі аузына тығылып бірден көршісінің үйіне қарай ұмтылады. Алғашқы көмекті қабырғалас көршісі хирург көрсеткен. Ал балаға пышақ сілтеп, бетін тілгілеген 14 жастағы күдіктінің бар озбырлығы лифтінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бейресми деректерге қарағанда, жасөспірімнің психикалық ауытқуы бар көрінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: