Павлодарда автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты

Жол апаты, Павлодар, автобус, трамвай бағаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 12:33 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Павлодарда 18 мамырда "ЖЭО-2" жұмысшыларын тасымалдауға арналған автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізушісі қаза тапты. Полиция жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлады Zakon.kz.

Жол апаты Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болған.

"Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трамвай бағанына соқтығысты. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жол апатының алдын-ала себебі - жүрек талмасы. Өзге мән-жайлар анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Алматыда 17 мамырда Медеу маңында жол апаты орын алды. Жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: