Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Елжан Чупеков тағайындалды

Елжан Чупеков, Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 22:47 Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып полиция полковнигі Елжан Қалиұлы Чупеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция полковнигі Чупеков ішкі істер органдарында 1993 жылдың наурызынан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын Алматы қаласы ІІД МАИ ЖПҚ жеке батальоны жол-патрульдік қызметінің инспекторынан бастады.

Алматы мен Астана қалаларында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Осы уақытқа дейін Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарды.  Департамент бастығының бірінші орынбасары жергілікті және әкімшілік полицияның, көші-қон қызметінің, патрульдік полицияның және күзет қызметін бақылау бөлімшесіне жетекшілік етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: