Алматыда троллейбус жас жігітті қағып, мерт етті

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 20:33 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 2025 жылдың 13 қаңтарында троллейбус жас жігітті қағып кетіп, мерт етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты бүгін сағат 17:50-де Бостандық ауданында болған.

 "11-нөмірлі троллейбус жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта, Байтұрсынов көшесінің батыс тұсында жүріп келіп жатып 2003 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті, өкінішке қарай, жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Кісі өліміне әкеліп соққан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Алматыда 2025 жылы 8 қаңтарда Алматыда Рысқұлов даңғылында Лобачевский көшесіне жетпей бірнеше көлік жаппай жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: