Қостанайда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам полицияға жеткізілді

Полиция, Қостанай, тыр жалаңаш еркек, көше, жүгіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2025 15:08 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда тыр жалаңаш көшеде жүгірген ер адам айналадағы адамдарды шошытты. Қалада "киімсіз марафон" ұйымдастырған 19 жастағы жігітті полицейлер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшедегі  жалаңаш еркектің әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпке өрескел селкеу түсірген.

Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ.

"Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды. Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды", делінген полиция хабарламасында.

Жалаңаш жігіт уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Бұған дейін Қостанай облысында полицейлер қалааралық автобус жүргізушісіне айыппұл салғанын хабарлаған едік. Ол автобус ішін өз бетімен өзгертіп, заңмен рұқсат етілмеген конструкциялар орнатқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: