Тоқаев Сербия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Вучич, Сербия, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 12:02 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 15 ақпанда Сербия президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Мемлекет басшысы кеше, 14 ақпанда бірқатар кадрлық өзгеріс жасаған болатын. Соның ішінде Абай облысының әкімін қызметінен босатқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: